Шығыс Қазақстанда тасқын жүру қаупі жоғары
Шығыс Қазақстанда тасқын жүру қаупі жоғары! Биыл облыста 110-нан астам елді мекен су астында қалуы мүмкін. Ал төнген қатердің алдын алу үшін құтқарушылар қазірден ауқымды әзірлікке кірісіп кеткен.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
10.03.2017
Бұлар қазір жаттығу аясында ғана су ортасында қалған кейіп танытып тұр. Дегенмен, бұл жақын күндері шын жағдайға айналуы мүмкін.
Себебі, мұнда осы қыста ақ ұлпа қалыпты мөлшерден 2 есе көп жауған. Ал синоптиктер жақын күндері ауа райының күрт жылынатынын айтуда. Сондықтан қалың қар жылдам еріп, арты тасқынға ұласуы ықтимал. Қауіп жоғары болғандықтан, шұғыл қызметтер апатқа дайындықтарын пысықтап жатыр. Олар елді мекендерді аралап, тұрғындарға ескерту жұмыстарын жүргізуде. Бұған қоса, бүгін өзен аңғарларын құм толтырылған қапшықпен бекітіп шықты.
Александр Ломыгин, ШҚО ТЖД басшысының орынбасары:
–Әсіресе, Қатонқарағай, Үржар, Риддер, Көкпекті аудандарында тасқын қаупі өте жоғары. Тұрғындар мен атқарушы органдардың, арнайы материалдар мен техниканың дайындығын тексеріп жатырмыз. Апат болған жағдайда барлық мекемелердің жұмыла әрекет еткені жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!