{metadescription}
Оңтүстік Кореяда тақтан тайған президенттің жақтастары наразылыққа шықты
Оңтүстік Кореяда тақтан тайған президенттің жақтастары наразылыққа шықты

Оңтүстік Кореяда тақтан тайған президенттің жақтастары наразылыққа шықты

Оңтүстік Корея Конституциялық соты президент импичментін қолдады. Бұған дейін ел Парламенті 65 жастағы Пак Кын Хені биліктен кетіру жөнінде шешім қабылдаған болатын.   

Енді Оңтүстік Корея президенті ресми резиденциясынан шұғыл түрде кетуі керек. Бірақ Конституциялық соттың шешімінен кейін елде наразылық басталып кетті. Пак Кын Хенің жақтастары соттың алдын қоршап алып, содан кейін полицейлермен арада қақтығыс болды. Текетірес кезінде 2 адам қаза тапты. Пак Кын Хе – Кореяны 16 жыл басқарған Пак Чон Хидің қызы. Әлемдегі ең мықты державалардың бірін билеген әйел биліктен күштеп қуылып жатқан тұңғыш басшысы екен. Ал мерзімнен бұрын президент Констмитуция бойынша сайлау екі айдан соң өтуі тиіс.               

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде