Түркияда 5 адамның өмірін жалмаған тікұшақ апатына ауа райы себеп болған
Түркияда тікұшақ құлап, 5 адам қаза тапты. Жеке фирмалардың біріне тиесілі техника Стамбұлдың қақ ортасында апатқа ұшырады.
Автор: Аруна Ортай
10.03.2017
Ал қаза тапқандардың төртеуі – Ресей азаматтары. Жергілікті төтенше жағдай қызметі бірден оқиғаға ауа райы себеп болған деп мәлімдеді. Ататүрік әуежайынан ұшып шыққанда қаланы кенет тұман басып, әуе техникасы телемұнараға барып соғылған. Бортта барлығы жеті адам болған. Оның бесеуі қаза тапты. Ал қалған екеуі туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Марқұмдардың барлығы Эджзаджибаши компаниясының қызметкерлері екен. Алып холдинг өкілдері ресейлік әріптестерімен тікұшаққа отырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!