{metadescription}
Алматыдағы билборд дауы Парламентке жетті
Алматыдағы билборд дауы Парламентке жетті

Алматыдағы билборд дауы Парламентке жетті

Алматыдағы билборд дауы Парламентке жетті. Қаладағы жарнама тақталарын еш ескертусіз қиратып тастаған шенеуніктер жауапқа тартылуы тиіс дейді депутаттар.

Мұхтар Ерман, Мәжіліс депутаты:

-100-ден аса билбордты бір сәтте демонтаж жасау, меніңше бұл жерде үлкен мәселе туып тұр. Егер рұқсаты бар билбордты біреу негізсіз демонтаж жасаса әрине, сол кіслер, заңды тұлғалар жауап беруі керек. Жағдайды анықтау үшін барлық құжаттарды шығару керек.

Кәсіпкерлер негізі билбордтарды әкімдіктің арнай рұқсатымен ілген. Алайда, алматылық шенеуніктер қаладағы бірден 100 билбордты ескірді деп, шетінен қиратып, қоқысқа лақтырыпты. Ең қызығы, атқамінерлер жарнама тақталарының иелеріне еш ескерту жасамаған. Жарамсыз болып қалған билбордтардың әрқайсының құны 900 мың теңге тұрады екен. Енді кәсіпкерлер қымбат жарнама бағаналарын даулап, әкімдікті сотқа бермек. Ал шенеуніктер әлі қаладағы мыңнан астам тақтаны сүреміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде