{metadescription}
Балалар үйін бақылау күшейеді
Балалар үйін бақылау күшейеді

Балалар үйін бақылау күшейеді

Балалар үйін бақылау күшейеді! Түрлі дау-дамайдан соң Білім министрлігі жетімдер үйінің жұмысын қадағалауға жауапты қамқоршылық кеңестің құрамына енді үкіметтік емес ұйымдар: қайырымдылық қорлар, ата аналар мен балаларды қорғау секілді қауымдастықтарды кіргізіп отыр.

Әрі министрлік, кеңес мүшелерінің құзыретін де арттырыпты. Енді олар жетімдер үйіне қайырымдылық ретінде берілген азық-түлік, киім-кешектің үлестірілуін бастап ақшаның тиімді жұмсалуына дейін қадағаламақ. Ұл-қыздармен де сөйлесіп, бала асырап алу процесін де назарда ұстайды. Тіпті, мекеме директорылары жыл сайын кеңес алдында есеп беруге міндеттеліп отыр.

Балия Әкімбекова, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі:

- Осы уақытқа дейін кеңестің құрамына тек, білім беру мекемелерінің қызметкерлері кірген. Енді үкімекттік емес ұйымдардың қосылуымен бақылау күшейеді деп ойлаймыз. Қадағалау еліміздегі барлық балалар үйінде жүргізілетін болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде