Дүкенді тонамақ болған қарақшының мылтығын сатушы әйел тартып алды
Дүкенді тонауға келген қарақшыны сатушылар құрықтады. Алматы облысының Талғар қаласындағы супермаркеттің қызметкерлерін қорқытып, кассадан ақша алып кетпек болған жігіттің ойы іске аспай қалды. Тіпті қашып та кете алмады.
Автор: Олжас Байжан
10.03.2017
Болған оқиға дүкендегі бақылау камерасына түсіп қалған. Супермаркетке кіре сала кассаға беттеген жігіт шолақ мылтықты шығарып, сатушыны қорқытпақ болған. Бірақ келіншек қаймықпастан қарсылық танытып, қаруын қолынан тартып алды. Ал көмекке жеткен дүкеннің өзге қызметкерлері қарақшыны сол жерде құрықтаған. Кейін анықталғанындай, супермаркетті тонамақ болған 23 жастағы жігіт екен. Қазір тергеу қапасында отыр. Тәркіленген 20-шы калибрлі шолақ мылтық тіркеуде жоқ болғандықтан, оның өзге қылмыстарға қатыстылығы да тексерілмек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!