{metadescription}
Алматы метросында кезекті жемқорлық дауы
Алматы метросында кезекті жемқорлық дауы

Алматы метросында кезекті жемқорлық дауы

«Алматыметроқұрылыста» бюджеттің миллиардтары тағы талан-таражға түскен болуы мүмкін. Осындай күдікпен Мемлекеттік кіріс департаменті тексеру жүргізіп жатыр. 

Мамандар Алматының жерасты жолы құрылысына бөлінген 7 млрд 700 млн теңге қолды болды деп күдіктенеді. Бірақ, нақты адамдардың аттары айтылмай отыр. Еске салсақ, метродан миллиардтардың ұрлануы бірінші рет емес. Осының алдында, мекеменің бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаев 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Экс-директор екі сыбайласымен бірге, құрылыс материалдарын қағаз жүзінде 10 есеге дейін қымбат көрсетіп, үстіндегі ақшаны өзара бөлісіп отырған. Бірақ, Өкшебаев бұл қылмысы үшін көп отырмайтын сыңайлы. Өйткені, рақымшылыққа ілігіп, кесілген жазасының жартысы қысқартылыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде