Грузияда жаппай наразылықтан соң қираған қала қалпына келтіріліп жатыр
Грузия билігі Батумиді қалпына келтіруге кірісті. Қазір әйгілі демалыс орындарымен танылған қалада өртелген машина, қиратылған дүкендер мен үйлер тазартылып жатыр. Ал жаппай тәртіпсіздікке жол ережесін бұзғаны үшін толтырылған хаттама себеп болғанын айта кетейік.
Автор: Олжас Байжан
13.03.2017
Тыйым салынған орында машинасын тастап кеткен азаматқа 80 доллар айыппұл салынған екен. Жүргізуші мен оның жақтастары полицейдің әрекетіне қарсылық танытып, салдарынан 6 адам қамауға алынған. Бірақ полицейлердің бұл әрекетімен келіспеген жұрт, бөлімше алдына жиналып, қамаудағыларды босатуды талап етіпті. 12 сағатқа созылған қарсылық акциясының соңы қақтығыспен аяқталды. Батумиге тартылған арнайы жасақ тіпті наразы топқа қарсы көз жасауратқыш газ бен резеңке оқ атқан. 33 адам жараланып, жетеуінің қолына кісен салынды. Қазір жағдай толық бақылауда дейді Грузия Ішкі істер министрі. Бірақ келтірілген шығынды кім төлейтіні әзірге белгісіз.
Георгий Мгебришвили, Грузия Ішкі істер министрі:
-Аджария үкіметінің ұсталған азаматтарды жіберу туралы өтінішін қанағаттандырдық. Өздері бостандыққа шықса да, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылмады. Қайткенде де сот алдында жауап береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!