{metadescription}
Ақтөбеде есірткімен ұсталған жігіттің әйеліне массаж жасатқан полицейдің ісі сотқа жетті
Ақтөбеде есірткімен ұсталған жігіттің әйеліне массаж жасатқан полицейдің ісі сотқа жетті

Ақтөбеде есірткімен ұсталған жігіттің әйеліне массаж жасатқан полицейдің ісі сотқа жетті

Ақтөбеде қызмет бабын сексуалдық мақсатта асыра пайдаланған полицей ісі сотқа жетті. Айта кетейік, бұл осы айдағы сотқа тартылып жатқан екінші тәртіп сақшысы. Айыптау қорытындысы бойынша, есірткіге қарсы күрес басқармасының тергеушісі 7 жылға сотталған қылмыскердің туыстарын бопсалап келген.

Яғни, 30 жастағы Сұлтан Сырлыбайұлы күдіктінің үйін тінту кезінде табылған 180 мың теңге мен былғары сөмекені және екі ұялы телефонды өзіне иемденіп алған. Онымен қоймай, есірткімен ұсталған жігіттің жазасын жеңілдетемін деп келіншегіне интимдік массаж істеп беруді бұйырыпты. Тіпті, оның Өзбекстаннан келген туыстарына әкесінің үйін жөндетіп алған. Бірақ мұны полиция қызметкері мойындамай отыр. Керісінше есірткімен ұсталған жігіттің туыстары кек алу үшін жала жауып отыр дейді. Ал жәбірленуші тарап бұрынғы тергеушінің қалай қоқан лоқы көрсеткенін тәтпіштеп айтып берді.

Гүлзада Еспаева, жәбірленушінің енесі:

-Менің келінімді күйеуіңмен қоса түрмеге қамаймын деп қорқытқан. Жолдасыңның жеті жылдық жаза мерзімі аяқталғанша менің айтқаныммен жүресің деп шарт қойған. Бәрін айтсам төбе шашың тік тұрады. Қысқасы қызметін асыра пайдаланып отыр тергеуші. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде