Жүргізуші куәлігін сатып алғанын айтқан бойжеткеннің құжаттары түгел тексерілмек
Әлеуметтік желіде аңдамай айтылған сөз үлкен шуға түрткі болды! Айгерім Фазылова есімді бойжеткен инстаграмда жүргізуші куәлігін сатып әперген әкесіне алғыс айтқан екен. Тіпті ақшасы бар адамға емтиханның да қажеті жоқ депті.
Автор: Олжас Байжан
13.03.2017
Парақашың өзі кейін дереу өшірілгенімен, суретті мыңдаған адам бір-біріне таратып үлгерген. Желі пайдаланушыларының наразылығынан кейін, Ішкі істер министрлігі жазбада айтылғандарды тексеріпті. Айтуларынша, бойжеткен емтиханды екінші ретінде ғана тапсырып, куәлік алған. Тәртіп сақшылары түрлі айғақтар келтіріп, куәліктің сатылмайтынын өздерінше осылай дәлелдеуге тырысып жатыр. Тіпті Айгерім Фазылованың емтихан тапсырып жатқан кезде түсірілген видеомен де бөлісті. Жазбаның нақты жүргізуші куәлігін алған күні ме, әлді кейін түсірілгені белгісіз. Бір қызығы Айгерім Фазылова Алматы өңірінде болса да, автомектепті Қостанай облысында тәмамдапты. Енді полицейлер соған байланысты барлық құжаттар қайта тексерілмек.
Алпысбай Рахымов, Алматы облыстық ІІД ЖПБ бастығы:
-Емтиханды қайта тапсыртуға біздің құқығымыз жоқ. Егер де тапсырған құжаттардың барлығы заңды түрде алынса, онда бойжеткенге қатысты ешқандай шара қолдана алмаймыз. Олай болмаған жағдайда
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!