{metadescription}
Алматыда үйлері сүрілуі тиіс жұрт өтемақыға көңілі толмай шу шығарды
Алматыда үйлері сүрілуі тиіс жұрт өтемақыға көңілі толмай шу шығарды

Алматыда үйлері сүрілуі тиіс жұрт өтемақыға көңілі толмай шу шығарды

Өтемақыны оңдырмай, орнымыздан қозғалмаймыз! Үйлері сүрілгелі жатқан алматылықтар мардымсыз өтемақыға келіспей, жергілікті әкімдікпен айтысып қалды. Жоспар бойынша қаладағы Фурманов көшесі ұзартылып, Сейфуллин және Жансүгіров көшелерімен тоғысуы тиіс. Ал жол салуға кедергі келтіретін құрылыстың барлығы сүрілуі керек. Алайда, тұрғындардың жол түседі екен деп, болмашы тиынға үйінен айрылғысы жоқ.

Баспанасы дәл жол түсетін жерде тұрғандардың бірі Аманбай Отаралы. 2003 жылы осы жерді сатып алып, өз күшімен үй тұрғызған. Енді сол еңбектеніп салған үйін қиратуға үзілді-кесілді қарсы. Қиратуға көнгеннің өзінде өтемақысына тіпті риза емес.

Аманбай Отаралы, Алматы қаласының тұрғыны:

-2006 жылы мына үйді салдым. Жаңадан салдым. Өз қолымызбен, таза еңбекпен, кірпіштен салынған үй. Осындай үйге бізге осы жерді бағалап бізге 12 миллион теңге беріп тұр. Ал 12 миллион теңгеге біз ештеңе ала алмаймыз.

Аманбай өзінің үйін 80 миллион теңгеге бағалап отыр. Ал оның жылжымайтын мүлкін бағалаушы компания өкілдері көп нәрсені ескермегенге ұқсайды.

-Фундаменттің биіктігі 1 метр. Қолдан салынған үй керемет қылып. Еще мына жақта кезінде сатып алған бөлек үй. Еще мыналар бар. Оның бәрін ешқандай бағаламаған. 

Қаланың Жетісу ауданындағы сүріледі деген 330 үйдің бәрі Аманбайдың кебін киіп отыр. Өйткені, дауға айналған құрылыс жоспары бойынша Фурманов көшесі ұзартылып, екі бірдей үлкен жолайрық салынуы керек. Алайда жұрт табан ет, маңдай терімен қол жеткізген баспанасын бір-ақ күнде күл-талқан етуге қарсы. Шенеуніктер мәселені бүгін алқалы жиында ортаға салмақшы болған. Алайда, көпшіліктің наразылығына тап болды.

Бағалаушы компания өкілдері әр түрлі санды айтып қана қоймай, кейде әкімдіктен екенін айтып, өзін ілтипатпен таныстырып та жарытпайды екен. Тұрғындардың сансыз арыз-талабынан кейін шенеуніктер баспананы қайта бағалау туралы шешім қабылдады.

Ардақ Самамбетов, Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

-Біз бүгін осы кеңесте бәріміз отырып шешім қабылдадық. Тиісті топ құрамыз. Күнделікті шығамыз, күнделікті тұрғындармен кездесеміз және тұрғындардан тиісті арыз түсетін болса, қайта бағалау жұмыстарын өткізетін боламыз. 

Атқамінерлер енді тұрғындардың көңілін тауып, 300-ден астам үйді тез арада қайта бағалап шығуы тиіс. Ал құрылыстың өзі жоспар бойынша 2019 жылы бітуі керек. Демек, айғайдың көкесі алда болайын деп тұр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде