Мәжіліс тағы бір жаңа депутатпен толықты
Бүгін Мәжіліс тағы бір жаңа депутатпен толықты. Орталық сайлау комиссиясы Альберт Рауды Төменгі палата мүшесі ретінде тіркеді.
Автор: Жәудір Оразхан
13.03.2017
Мәжілісте екі бос орын болған. Бірі сырқаттан көз жұмған Сергей Дьяченкоға, екіншісі мерзімінен бұрын мандатын тапсырған Мұхтар Тінекеевке тиесілі еді. Тінекеевтың орнына жақында Олимпияда чемпионы Серік Сәпиев жайғасқаны есте. Ал бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Альберт Рауды да депутат ретінде тіркеді. Ол бұған дейін Инвестиция және даму вице-министрі, Ақмола облысының әкімі болған. Әзірге 57 жастағы депутаттың нақты қандай мәселелермен айналысатыны белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!