{metadescription}
Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты шу немен аяқталғаны белгілі болды
Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты шу немен аяқталғаны белгілі болды

Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты шу немен аяқталғаны белгілі болды

Алмазбек Атамбаевтың шулы мәлімдемесіне қатысты жанжал дипломатиялық жолмен шешілді. Қазақстан мен Қырғызстанның шенеуніктері бірнеше рет кездесіп жүріп, ақыры тіл табысыпты.

Естеріңізге салсақ, ақпан айында Алмазбек Атамбаев «Euronews» телеарнасына берген сұхбатында: «7 жыл бұрын төңкеріс кезінде Қазақстан шекараны жауып, қырғыз экономикасының дамуына кедергі келтірді, тіпті,  адам өліміне әкелді» деген болатын. Қырғыз президентінің тосын мәлімдемесінен кейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі наразылық нотасын жіберген. Өйткені, ресми Астана бауырлас елдің басына күн туғанда гуманитарлық, қыржылай қолдауын аяған емес. Бішкекке тонналап жанармай мен астық тасыды, электр энергиясын да берді.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-Ол мәселені дипломатиялық  жолдар арқылы толық шештік. Әртүрлі деңгейде бірнеше кездесулер өтті Бішкекте, Астанада. Толық түсініктеме беру қазір менің міндетім сіздерге. Барлық қандай мәселелер туып отырса да осы жағдайда, оның бәрі шешілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде