Балалар әдебиетінің қатары тағы бір тың туындымен толықты
Елімізде балалар әдебиетінің қатары тағы бір тың туындымен толықты. «Тәтті алма» деп аталатын шығармалар жинағының тұсауы бүгін Астанада кесілді.
Автор: Досжан Маратұлы
14.03.2017
Онда 20-шы ғасыр мен қазіргі ақын жазушылардың ертегілері, өлеңдері мен бірқатар театрлық қойылымдар да еніп отыр. 3 мың данамен шыққан кітап Тұңғыш президент қорының қолдауымен жарық көргенін айта кетейік. Бүгін осы қор қызметкерлері бүлдүршіндерге оқулықпен қоса сыйлықтарды да табыстады. Жалпы, тұсауы кесілген бұл балалар әдебиеті жұртқа тегін таратылмақ. Тіпті, кітаптың электронды нұсқасын «Тәтті алма» сайтынан көруге болады.
Сұлтан Айтжанов, Тұңғыш президент қоры атқарушы директорының орынбасары:
-Балаларымыздың кітап оқуын, көркем шығарманың маңызын түсініп, елімізді жерімізді сүю үшін сондай сезімін ояту үшін жасалып жатқан шаруа.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!