{metadescription}
Еліміздің батыс өңірі ұлыстың ұлы күнін тойлауды бастап кетті
Еліміздің батыс өңірі ұлыстың ұлы күнін тойлауды бастап кетті

Еліміздің батыс өңірі ұлыстың ұлы күнін тойлауды бастап кетті

Еліміздің батыс өңірі бүгін ұлыстың ұлы күнін тойлауды бастап кетті. Бұл аймақта көктемнің алғашқы күні наурыздың 14-нен басталады. Маңғыстаулықтар бұл күнді «амал» деп атаса, Атырау, Орал, Ақтөбе жұрты бір-бірімен төс қағыстырып көріседі. Бұрын батыс өңірінің тұрғындары көрісу күнін тек ауыл арасында, туысқандарының ортасында атап өтетін. Соңғы жылдары бұл мереке жалпыхалықтық сипатқа ие болып келеді.

Еліміздің батыс өңірінен өзге аймақтарда «көрісу» деген сөзге тіксіне қарайды. Өйткені, көптеген жерлерде қазалы үйге көңіл айтып, көрісіп жатады. Ал батыстықтар үшін наурызда көрісудің орнына ерекше. Бұл - жаңа жылдың басталуы. Тіпті үлкендері наурыздың 14-де сәлем беріп, төс қағыстырмағандарға өкпелері қара қазандай болып жатады. 

Серік Молдашов, Алға қаласының тұрғыны:

-Көріспеген адамға былай үніңді шығарып айтпағанмен енді ренжіп қаласың. Үлкен адам сәлем тілейді ғо жастардан. Ескі жыл кетіп, жаңа жылдың келген уақыты мынау 14 март. Бұрын мұны ата-бабамыз тойлаған.

Көрісу күнін бұрын еліміздің батыс өңірінің өзінде тұрғындар ауыл арасында, туған-туысқандарының ортасында ғана тойлайтын. Соңғы жылдары бұл мереке жалпыхалықтық сипатқа ие болып келеді. Мұны көпшілік те қолдап отыр. 

Бұрын көрісу күнінде тыныш жататын Алға ауданының шенеуніктері биыл ұлыстың ұлы күнін 9 күн бойы тойлауды жөн деп шешкен. Әр күнге атау беріп, соған сай түрлі жоралғыларды көрсетеді. Сондай-ақ, киіз үйді қаптатып бір жерге тіккізбей, аудан орталығындағы әрбір ықшамауданда қазан көтеріп, халықтың бәрін мейрамнан қалдырмауды көздепті.

Әнуарбек Қонжар, Алға ауданы әкімінің орынбасары:

-Мынау енді наурызға тек жылда бір күн тойлататын едік. Биылғы жылдың бір ерекшелігі 9 күн тойлап, өзі мына басқа ұлттарға бір өнеге болсын, қазақтың көжесі бар дегендей, өзіміздің дәстүрімізді ұлықтау бұл.   

Мәдениеттанушылар ұлыс күнін осы амал мейрамынан бастап тойлауды ұсынып отыр. Өйткені күнтізбеде қызылмен белгіленген айналдырған екі күнде ұлттық мерекені дәріптеу тым аз дегенді айтады.

-Осындай жақсы күнге, Құдай, жете берейік! Аумин

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде