{metadescription}
Ауыр дертке шалдыққан қызға шұғыл көмек керек
Ауыр дертке шалдыққан қызға шұғыл көмек керек

Ауыр дертке шалдыққан қызға шұғыл көмек керек

Отандық дәрігерлер жілік майы трансплантациясын жасаймыз деп жар салғанымен, ол екінің біріне қолжетімсіз болып шықты. Себебі, біздегі ереже бойынша науқасқа жақындарынан өзге ешкім донор бола алмайды. Алматылық Анна Иванова қазір соның зардабын тартуда.

Анна Иванова:

-Мен тезірек суыққым келеді. Өйткені, тауға шыққым келеді, лыжы теуіп, спортпен шұылданғым келеді.

13 жастағы қызға былтыр лейкоз диагнозы қойылған. Сөйтіп, оған 7 ай бойы ауруханада ем жасалыпты. Кейін қайта-қайта қабылданған химиотерапия оң нәтиже беріп, дәрігерлер науқасты үйіне жіберген. Бірақ ақ қан ауруы кетпеген екен. Қаңтарда жасалған сараптамалар нәтижесі Аннаның денсаулығы нашарлай түскенін көрсетіпті. Содан бері, ол анасымен бірге тағы да дәрігерлердің қарауында. Дегенмен, лейкоз қыздың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы - жілік майы трансплантациясы. Бірақ ауру қыз ол отаны өз елімізде жасата алмайды. Өйткені оның жалғыз жақыны – анасының денсаулығы донор болуға жарамсыз. Әрі отандық дәрігерлердің жілік майын ауыстырудағы тәжірибесі де тым аз екен. Сондықтан, операцияны шет елде жасатуға мәжбүр.  Ал ол үшін кемі 150 мың АҚШ доллары қажет. Тек қызымен бірге айлап ауруханада жатқан әйелде мұндай қаржы жоқ. Сондықтан ол қайырымды жандардан көмек сұрайды.

Лариса Иванова, Аннаның анасы:

- Интернет арқылы шет елдік дәрігерлермен сөйлестім. Мұндай ота Ресейде 150 мың, Германияда 200 мың доллар тұрады екен. Ал, менің жалғыз арманым – қызымның аман қалуы. Сол үшін отаны тез арада жасатуымыз керек...

 

Көмектесем деушілерге: +77470124162

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.