{metadescription}
«ЭКСПО» көрмесіне кіру үшін қатаң тексеруден өтуге тура келеді
«ЭКСПО» көрмесіне кіру үшін қатаң тексеруден өтуге тура келеді

«ЭКСПО» көрмесіне кіру үшін қатаң тексеруден өтуге тура келеді

Астанада өтетін халықаралық көрмені қатаң тексеруден өткендер ғана тамашалай алады. ЭКСПО-ның кіре берісіне арнайы өткізу пунктері орнатылмақ. Сөйтіп, әр қонақ полицейлердің жіті бақылауында болады.

Көрме аумағына спирттік ішімдік, темір, шыныдан жасалған заттар мен суық қару, экстремистік мазмұндағы материалдарды алып өтуге қатаң тыйым салынған. Бірақ ауыз су, түрлі шырындар мен тағамдармен келуге болады.  Ал сақшылар ЭКСПО аумағында жүргендердің әрқайсысын бақылауда ұстап отырады. Ол үшін 2 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Тексеру кезінде ұзын-сонар кезек болмас үшін, ұйымдастырушылар мүгедек жандар мен аяғы ауыр келіншектер, балалы әйелдерге арналған бөлек есік ашып қоймақ. 

Рүстем Шәкенов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК қауіпсіздік департаментінің директоры:

- Меніңше қонақтар көп кезек күтпейді. Жылдам тексеруге тырысамыз. Әр адамға 1 минуттай уақыт кетеді. Ол үшін қажетті құрылғылардың барлығы дайын. Бірақ, мерекелік, демалыс күндері келушілердің саны көп болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде