{metadescription}
Әйгілі «Сарыағаш» шипажайы маңындағы жерінен айырылған кәсіпкерлер шу шығарды
Әйгілі «Сарыағаш» шипажайы маңындағы жерінен айырылған кәсіпкерлер шу шығарды

Әйгілі «Сарыағаш» шипажайы маңындағы жерінен айырылған кәсіпкерлер шу шығарды

Шипажайдан шерменде болған жұрт! Әйгілі «Сарыағаш» шипажайы маңындағы кәсіпкерлер заңды жерімізден айырылдық деп дабыл қағуда. Айтуларынша, шипажайдың басшысы соңғы 7 жылда жақын маңдағы ұсақ базарлар мен дәмханалардан ақша бопсалап, енді кәсіпкерлердің жеріне көз салып жатқан көрінеді. Ал «Сарыағаш» басшылығы мұны басқаша түсіндіреді.

Минералдық суымен даңқы шыққан «Сарыағаш» шипажайында бірнеше жылдан бері маза жоқ. Оның басшылары мен шипажай маңындағы базар саудагерлері, дәмхана иелері 2009 жылдан бері дауласумен келеді. 7 жыл бұрын басшы болып келген Бағлан Батыршаев, ақша бопсалап, енді жерге ауыз сала бастады дейді шипажай маңында шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер.

Патшайым Мелдеева, кәсіпкер:

-Осылардың бәрі 75 мыңнан жинап бердік. 2-ші айда тағы 50 мыңнан бер дейді маған. Сонда біз бала-шағамызды немен бағамыз, әр ай сайын жинап бере беретін болсақ?+ Неге менің жеріме көз алартады? Рейдерский захват бұл.

Шипажай маңындағы бос жерлерді кәсіпкерлер 90-шы жылдардың соңында сатып алған. Оларды тазартып, көріктендірген соң біреуі базар ашып, біреуі дәмхана салыпты. Ал «Сарыағаштың» басшылары ақпан айында оларды сотқа беріп, жеңіп шыққан. Яғни сот шешімі бойынша, кәсіпкерлердің бәрі ешқандай өтемақысыз жерді босатып беруі тиіс.

-Осы базардың арқасында күн көріп, мысалы базарды алса қайда барамыз. Неғыламыз, не тірлік істейміз?

Ал шипажай басшылығы кәсіпкерлердің жері үшін емес, экология үшін тырмысып жатырмыз дегенді айтады. Яғни мұндағы 20-дан астам шипажай мен жақын маңдағы Көктерек ауылының кәріз жүйесі түгелдей осы «Сарыағашқа» қарайды. 33 жылдан бері жаңармаған сол кәріз құбыры тозығы жетіп, апатты жағдайда тұр екен. Кәсіпкерлердің сауда нысандары кәріздің үстінде тұрғандықтан, кетіруге мәжбүрміз деп отыр.

Әшірбек Полатов, «Сарыағаш» шипажайының атқарушы директоры;

-Жаңағы мейрамхана, кафелер, дәмханалар, дүкендер жер алу кезінде кәріз жүйесінің сол жерден өткеніне көңіл бөлінбеген. Жер беру комиссиясы мүмкін онша көңіл бөлмеген бе, но құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан кезде де ол жеке кәсіпкерлер осы мейрамхана иелері, дүкен иелері осы мәселеге көңіл бөлу керек еді.

Сот шешімі енді 3 күннен кейін күшіне енеді. Ол бойынша, кәсіпкерлер өз ғимараттарын түгел қиратып, жерді тұтастай тастап кетуі керек. Бір қызығы, жеке кәсіпкерлердің дүкен және дәмханалардың жапсарлас жатқан шипажайға қарасты нысандар сүрілуге келмейді екен. Дәл қасында жатса да кәріз құрылысына кедергі келтірмейді-міс. Ал шипажаймен дауласып жүрген 150-ден астам кәсіпкер өз жерлерінен кетпейміз деп бекінген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде