{metadescription}
«СК-Фармация» компаниясындағы былыққа қатысты жаңа дерек шықты
«СК-Фармация» компаниясындағы былыққа қатысты жаңа дерек шықты

«СК-Фармация» компаниясындағы былыққа қатысты жаңа дерек шықты

«СК-Фармация» компаниясындағы былыққа қатысты жаңа дерек шықты. Мұндағы даудан соң, компания басшысының соңынан бес бірдей басқарушы директор да қызметінен қуылыпты. Оның үстіне тергеушілер басшылардың бәрін шетінен тексеріп жатыр екен.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-Расында қазір бірнеше заң бұзушылық қаралып жатыр. Түрлі-түрлі мемлекеттік органдармен тексерістер өтіп жатыр. Бірақ, әлі бірдеңе айтуға ерте. Сотқа барғанда тағы қосымша ақпараттар береміз.

Ал, жұмысынан айырылған директорлардың орнына Денсаулық сақтау министрі жаңа адамдарды тағайындап үлгеріпті. Енді олар былыққа батқан «СК-Фармация» компаниясын ретке келтіруі тиіс. Айта кетейік, дәрі-дәрмек тасымалына жауапты мекеме монополияға қарсы заңдарды өрескел бұзған үшін дауға қалған болатын. Яғни, басшылары 2010-2015 жылдары шетелден келген дәрілерді ауруханаларға жеткізу мен сақтауды тек бір ғана компанияға жүктеп келген. Сөйтіп, нарыққа өзгелерді кіргізбей, 5 жыл бойы бір серіктестіктің сойылын соғыпты. Соның кесірінен, медициналық препарат тасымалдайтын фирмалар арасында бәсекелестікті шектеп, бағаның өсуіне ықпал жасаған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде