ҰБТ-дан қазақ тілінің неліктен алынып қалғаны белгілі болды
Білім министрі ҰБТ-дан қазақ тілінің неліктен алынып тасталғанын түсіндірді. Ерлан Сағадиевтың айтуынша, сынақ екі кезеңге бөлінгендіктен, түлектер қазақ тілінен емтиханды тек мектепте тапсырады екен.
Автор: Досжан Маратұлы
14.03.2017
Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
-100 пайыз балалар мектеп емтиханын тапсырады. Сол 100 пайыз қазақ тілін тапсыруы тиіс. Бірақ, олар билеттер арқылы тапсырмай, біріңғай тестілеудің сұрақтарымен шын бағасын көріп, сонымен тапсырады.
Осылайша, қазақ тілінен сынақ мектепте өтетіндіктен, министрлік оны ҰБТ-дан алып тастауды ұйғарыпты. Десе де, бұған қоғам түгелдей қарсы шығып, тест төңірегінде дау туған болатын. Тіпті, белсенділер емтиханды одан сайын былықтырды деп Сағадиевтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Бірақ, қарсылыққа қарайын деп тұрған министрлік жоқ. Айта кетсек, биылдан бастап мектеп бітірушілер ҰБТ-да міндетті үш пән - «Математика сауаттылығы», «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы»-нан және өздері таңдаған екі пәнен сынақ тапсырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!