Үкімет жанармай бағасын өсірмей ұстап тұрмақ
Бензин қымбаттамайды! Бүгін Энергетика министрі осылай деп сендірді. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Үкімет жанармай бағасын өсірмей ұстап тұру үшін жұмыс істеп жатыр екен.
Автор: Досжан Маратұлы
14.03.2017
Бұған дейін сарапшылар, еліміздегі үш бірдей мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылып, жұмысын уақытша тоқтатқандықтан бензин бағасының өсетінін болжаған. Бірақ, Бозымбаев қымбатшылыққа жол бермейміз дейді. Қазір еліміздің жанармай бекеттерінде АИ-92 143 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Энергетика министрі әдеттегідей, баға көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда арзан деп отыр.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
-Біз бензин бағасы қымбаттап кетпеуі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Оның үстіне біздегі құн төмен. Мәселен, Ресейде АИ-92 180 теңге тұрады. Ал, Еуропамен салыстырсаңыз тіпті жоғары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!