{metadescription}
Астанаға Сирияның оппозиция өкілдері келмей қалды
Астанаға Сирияның оппозиция өкілдері келмей қалды

Астанаға Сирияның оппозиция өкілдері келмей қалды

Астанаға Сирияның оппозиция өкілдері келмей қалды. Елордадағы бейбіт келіссөздердің үшінші раунды енді қарулы топтардың қатысуынсыз өтіп жатыр.  

Өйткені, оқ атуды тоқтату туралы келісімнің іс жүзінде орындалуына оппозиция өкілдерінің көңілі толмаған. Сондықтан, олар әзірге Астанадағы жиынға қатыспайтын болып шешкен. Олардың атынан енді Түркия өкілдері сөйлемек. Ал кепіл беруші мемлекеттер Елордаға кеше келгенін айта кетейік. Бүгін күні бойы Түркия, Ресей мен Иран бірнеше рет өзара құпия түрде  кеңесті. Жалпы, Сириядағы 6 жылға созылған соғысты тоқтатуға арналған осы келіссөзге БҰҰ-ның өкілдері және бақылаушы ретінде АҚШ пен Иорданияның сарапшылары да қатысуда. Тараптар бұл жолы әскери тұтқындар туралы ақпарат алмасу үшін арнай жұмыс тобын құру және мәдени нысандар орналасқан аумақтарды жарылғыш заттарынан тазарту жайын талқылап жатыр. Сонымен қатар, әскери мәселелер де қаралмақ.  Келіссөздің үшінші раунды екі күнге жалғасады деп жоспарланған.  Қатысушылар кездесуді ертең қорытындылайды.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Ең бастысы кепіл беруші мемлекеттер өзара келісімге келуі қажет. Басты құжат Ресей, Түркия мен Иранның қолында. Оқ атуды тоқтату ісіне осы елдер жауапты. Ал сириялық оппозиция өкілдерінің жиынға келген, не келмегеніне аса көңіл бөлудің қажеті жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде