{metadescription}
Еліміздің төрт бірдей облысына жаңа басшылар тағайындалды
Еліміздің төрт бірдей облысына жаңа басшылар тағайындалды

Еліміздің төрт бірдей облысына жаңа басшылар тағайындалды

Аймақтарда жаппай ауыс-түйіс! Бүгін еліміздің төрт бірдей облысына жаңа басшылар тағайындалды. Қарағанды мен Ақмола облыстарына әкімді президенттің өзі апарып таныстырды. Сондай-ақ, Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстарының басшылары да ауысты. Бір айта кетерлігі, жаңа әкімдердің барлығы орта жастағы, бұрын көпшілікке танымал бола қоймаған адамдар.

Ауыс-түйістер алдымен Қарағандыдан басталды. Орталық өңірге басшыны бұл жолы президенттің өзі әкеліп таныстырды. Әдетте, бұл міндетті премьер-министр мен президент әкімшілігінің басшысы атқара беретін. Ал бәрін елең еткізген жаңа әкім өңірге бөтен адам емес. Елуден енді асқан Ерлан Қошанов Жезқағнанның жігіті. Мыс пен көмірді көріп өскен. Қарапайым ұстадан, премьер-министр кеңсесінің басшысына дейін көтерілген.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Я предлагаю кандидатуру Қошанова Ерлана Жақияновича, 62-го года, уроженца Карагандинской области. Надеюсь вы его хорошо знаете. Он знает всех министрв, и министерств. Это будет помогать ему работать, приносить инвестицию в Казахстан, и работать легче будет с центром.

Ал Қарағанды облысының экс-әкімі Әбдібеков жұмыссыз қалған жоқ. Облысты 3 жылға жуық басқарған Нұрмұхамбет Қанапияұлы бүгіннен бастап Есеп комитетінің төрағасы. Бұл орынтақ Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің мезгілсіз қазасынан кейін біраз уақыт бос тұрған еді. Елбасы Ақмола облысы әкімін де бүгін өзі апарын тағайындады. Талай өңірді басқарып, креслодан түспей жүрген 64 жастағы Кулагинді, 45-тен енді асқан Мәлік Мырзалин алмастырды.         

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Менің Жарлығыммен Кулагин Сергей Витальевич қазіргі істеп жүрген жұмысынан босатылды. Вношу на расмотрение маслихата согласно Конституции на согласование кандидатуры Мырзалина Малика Кенесбаевича. Будет стараться на благо граждан Акмолинской области.  

Мәлік Кеңесбайұлы кісі қызығарлық талай қызметті атқарған. Соңғысы - Президент ісі басқармасы басшысының бірінші орынбасары. Мәскеуде оқыған Мырзалинға бұл қызмет те таңсық емес. Өйткені, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратын басқарып, орынбасары да болған. Жаңа әкімге Елбасы аймақтың экономикасына жан бітіріп, жастық күшін барынша жаратуды тапсырды.

Бүгін Солтүстік Қазақстанның да әкімі ауысты. 60-тағы Ерік Сұлтановты 50-ден енді асқан Құмар Ақсақалов алмастырды. Су жаңа әкімді облыс активіне Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков таныстырды. Өзінің орынбасарын әкімі ретінде көпшілікке көрсеткен Жақсыбеков, жақсы тілектерін жаудырып кетті.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Осы залда отырған біраз азаматтармен таныспын. Біраз азаматтарды білемін көптен бері. Сондықтан алдағы қойған Елбасының үлкен мақсаттарын бірге адал қызмет етіп,  бірге мақсатқа жетуге  дайынмын.

Маңғыстау облысында да бүгіннен бастап жаңа әкім. Мұнайлы өңірге басшыны премьер Бақытжан Сағынтаев пен Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Марат Тажин алып келген екен. Бұдан былай өңірге Ералы Тоғжанов басшылық етпек. Бұған дейін ол Ассамблея төрағасының орынбасары болған. Ал экс-әкім Алик Айдарбаевқа алда қандай қызмет бұйыратыны әзірге белгісіз.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде