{metadescription}
«Air Astana» жолаушылары үшін Еуропаға сапар шегу әжептәуір жеңілдеді
«Air Astana» жолаушылары үшін Еуропаға сапар шегу әжептәуір жеңілдеді

«Air Astana» жолаушылары үшін Еуропаға сапар шегу әжептәуір жеңілдеді

Бүгін отандық әуе тасымалдаушы германиялық әйгілі «Lufthansa» (Люфтганза) компаниясымен көптен күткен келісімге қол қойды. Енді «Air Astana»  алпауыт тасымалдаушының ұшатын 200-ден астам бағытын пайдалана алады. Тіпті, «Lufthansa» ұшақтарының билетін сатуға да мүмкіндік бар.

Әлемнің алпауыт компаниясымен мұндай келісімге келу оңай шаруа  емес. Бірақ «Air Astana»-ның жөні бөлек. Өйткені қызметінің барлығы  еуропалық талапқа сай. Сондықтан «Lufthansaның» өкілдері арнайы Астанаға келіп, өзара келісім жасасты. Бұл құжаттың ұтымды тұсы көп. «Lufthansa» мен «Air Astana»- ның келісімі алдымен жолаушылар үшін өте тиімді. Мәселен, енді екі тасымалдаушы компания бір-бірінің билетін сатып, ұшатын бағыттарын да пайдалана алады.

Питер Фостер, «Air Astana» әуе компаниясының президенті:

-Осылайша келісімнің арқасында екі әуе компаниясының бағыттары артып отыр. Әрі жолаушылар үшін бортқа отырмай тұрып тіркеу, жүктерді өткізу барлығы жеңілдейді.

Яғни, транзит кезінде әуежайда уақыт жоғалтып билет ауыстырудың қажеті жоқ. Сол бір билетпен келесі ұшаққа мінуге болады. Оның үстіне «Lufthansa» әлемнің 70-тен астам еліне 200-ге жуық бағыт бойынша ұшатынын ескерсек, «Air Astana» жолаушылары үшін Еуропа жақындай түспек.

Аксель Хильгерс, Ресей және ТМД елдеріндегі «Lufthansa» компаниясының директоры:

-Бұл Қазақстан азаматтары үшін үлкен мүмкіндік. Сол сияқты «Lufthansa» жолаушыларына да жаңа елдерге жол ашылып отыр. Біздің жолаушылар енді «Air Astana» ұшақтарымен ұшатын болды.

Десе де, мұндай жеңілдіктер наурыз айының 26-нан басталады. Халықаралық бағыттардың саны «Экспо-2017» көрмесіне қарай артып жатқанын айта кетейік. Бұл өз кезегінде Қазақстанға келетін туристердің санын арттырмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде