Дауға қалған Трамп қанша салық төлегенін жариялады
Ақ үй президент Трамптың салық декларациясының жариялануының заңсыздық деп мәлімдеді. 12 жыл бұрынғы құжат елдегі телеарна жүргізушілерінің бірінің қолына түскен екен. Ал ол Трамптың қанша салық төлегенін көп ұзамай жария етемін деп отыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
15.03.2017
Бірақ, журналисті күтпей қадамды бірінші Ақ үй әкімшілігі жасап, Дональд Трамптың 2005-ші жылы төлеген салығын тізіп шықты. Оған сәйкес, қазіргі президент 150 миллион доллар табыс тапқан. Және бюджетке 38 миллион ақша құйған. Яғни ол, «Trump Organization» компаниясының басшысы болған кезінде, салықты артығымен төледі деп отыр. Негізі, бұған дейін көпшілік қанша талап етсе де президент төлеген салығын айтпай келген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!