{metadescription}
Орал маңындағы саяжайларға да су басу қаупі төніп тұр
Орал маңындағы саяжайларға да су басу қаупі төніп тұр

Орал маңындағы саяжайларға да су басу қаупі төніп тұр

Өйткені қыста қардың қалың түсуіне байланысты Шаған, Деркөл және Жайық өзендері арнасынан асып кетуі мүмкін. Егер тасқын бола қалса, он мыңға тарта тұрғын зардап шегеді. Сондықтан апаттың алдын алу үшін құтқарушылар қазірден қамданып жатыр. Олар әр үйдің есігін қағып, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.

Үш бірдей өзеннің бойындағы бұл үйлерде он мыңға тарта халық тұрады. Саяжай деген аты болмаса, тұрғындар қысы-жазы осы жерді мекендейді. Көпшілігі ауыл-аймақтан көшіп келіп жеке баспанасын тұрғызған. Алайда көктем сайын тұрғындардың қорқа бастайды. Өйткені осыдан алты жыл бұрын бұл жерде тасқын жүріп, саяжайды су шайып кеткен болатын.

Гүлнар Рақымқызы, саяжай тұрғыны:

-2011 жылы су келді. ТЖК көшірді. Жарық сөндірілді. 

Алты жыл бұрынғы апатты айтып тұрғындардың алаңдайтын жөні бар. Өйткені биылғы қыс қатты болды - дейді олар. Егер күн күрт жылынса қалың қар еріп, тағы да тасқын жүруі мүмкін.

Владимир Власов, саяжай тұрғыны:

-Биыл қыста қар қалың болды. Соңғы 8-10 жылда мұндайды көрмеппін. Сондықтан көктемнің шығуын қорқынышпен күтіп отырмыз.

Ал құтқарушылар көктемгі тасқынды күтіп, қарап отырған жоқ. Олар өзен сағасындағы 72 саяжайды шарлап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өйткені қанша қауіпті болса да, топан су тобығынан келмейтін тұрғындар бар. Сондықтан бірінші кезекте соларға ескерту жасалып, апатты жағдайда қауіпсіз жерге көшудің айла-тәсілдері түсіндіріліп жатыр.

Мирас Әлекешов, БҚО ТЖД бас маманы:     

-Наурыз айынан бастап ТЖД қызметкерлерімен саяжай алқаптарына рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, су тасу қаупінің алдын алу айлығы мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын, су тасу қаупі, іс-қимылы жайлы тұрғындармен жиындар, әңгімелесулер өткізіп, су тасқыны кезіндегі қимылдары, іс-әрекеттері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Төтеншеліктер тек түсіндіру жұмыстарын жүргізумен ғана шектелмейді. Тасқынға төтеп беру үшін құм толтырылған қаптар мен техникаларын да сайлап отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде