{metadescription}
Алматы облысында су жаңа мектеп жылусыз қалды
Алматы облысында су жаңа мектеп жылусыз қалды

Алматы облысында су жаңа мектеп жылусыз қалды

Су жаңа мектеп суық болып тұр! Алматы облысы Бәйтерек ауылындағы былтыр ғана пайдалануға берілген білім ошағы қыс ортасынан бері жылуға жарымай келеді. Сабақта қалың киіммен отыратын оқушылардың кейбірі тіпті ауырып, сабақтан қалып жатыр екен. Ал бұл олқылыққа басты себеп, мектепті жылытатын жағармай қоры таусылып қалған.

Бір қарағанда әдемі көрінетін мына орта мектеп былтыр пайдалануға берілген. Яғни бірінші рет оқу жылын өткізіп жатыр. Тек қыс ортасынан бері мекеменің ішкі температурасы біраз төмендеп кетіпті. Оның зардабы оқушыларға тиіп, кесірінен ауру тауып жатқандар көп екен.

Алмагүл Жайлаубаева, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

-Қызым қыста бір ауырған. Енді тағы ауырып қалды. Дәрігерге көрсетсек, біраз дәрі жазып берді. Қыруар ақшамыз сол дәрі-дәрмекке кетіп жатыр. Тіпті қызымның емі үшін несие алдым. Кеше түнімен тағы жөтеліп шықты.

Үш қабатты ғимараттың төменгі екі қабаты ғана сабақ өткізуге қолайлы болыпты. Ата-аналардың айтуынша, жылудың қауқары бүкіл мектепке жетпейді. Оны оқушылар да растап берді. Мектепте сырт киімін шешпей жүргендер жетерлік. Оған мұғалімдер де түсіністікпен қарайтын сияқты.

-Мектеп басшылығының айтуынша, бұл білім ошағының жылу жүйесі өзгелерден ерекше екен. Яғни, әдеттегі мектептерге ұқсамайды. Енді сол ерекше жылу жүйесіне ауданнан бөлінген жағармай мөлшері жыл аяғына дейін жетпей қалыпты. Соның кесірінен, мынадай жылу батареялары сәндік үшін ғана тұр.

Ал мектеп ұжымын жылуға жарытпай, осынша әуреге салған о бастағы құрылысшылар екен. Олар ғимаратқа жылу жүйесінің ескі жобасын жүргізіпті. Ал оған отын әдеттегіден көп керек. Бірақ ауданнан бюджет бөлінгенде бұл мәселе ескерілмей қалған. 

Шымберген Пірімбаев, Бәйтерек орта мектебінің директоры:

-Сондықтан осы мектептің құрылысын жүргізген фирмамен бірігіп жобалау институтына  бардық. Солар арқылы жүйенің біраз жерін өзгерттік.

Сөйтіп, басшы келер жылы ешкімді тоңдырмаймыз деп отыр. Ал әзірге мыңға тарта оқушыны сыйдырып отырған жерді жылудан кем қылмас үшін мектеп директоры аудан арқылы қосымша жағармай қорын табуға кіріскен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.