Депутат Хаменова бэби-бокс орнату мәселесін тағы көтерді
Еліміздегі аурухана мен емханалардың қасына тастанды балаларға арналған жәшіктер қоюды бұл жолы Бақытгүл Хаменова ұсынып отыр.
Автор: Жәудір Оразхан
15.03.2017
Бақытгүл Хаменова, Мәжіліс депутаты:
-"Бэби-бокс" деп аталатын "үміт бесігі" бүгінгі күні біраз елде бар. Көптеген батыс елдері аурухана жанынан орналастырған жәшіктердің арқасында мыңдаған сәбиінің өмірін аман сақтап қалды. Қара суық пен ит-құстың жемтігіне айналғанша, өзге елдерде кеңінен тараған тастанды нәрестелерге арналған үміт бесіктерінен басқа амал ма дерсің...
Хаменованың айтуынша, елімізде соңғы кезде бауыреті баласынан безінген қыз-келіншектер көбейген. Мәселен, былтыр полицейлер 15 көкек анаға қатысты қылмыстық іс қозғапты. Егер перзентхана, аурухана мен емханалардың жанына бэби-бокс орнатса, қаншама сәбидің өмірін аман алып қалуға болар еді дейді депутат. Бірақ, Денсаулық сақтау министрлігі үшін бұл жаңалық емес. Шенеуніктер бұған дейін тастанды балаларға арналған жәшік қою туралы шешім қабылдап, кейін ол балалардың құқығын қорғау жөніндегі Халықаралық конвецияға қайшы болған соң ойларынан айнып қалған еді. Өйткені, бэби-бокстан кейін тастанды нәрестелердің саны артып кету қауіпі бар екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!