Астанада бұрынғы Білім министрінің орынбасарына қатысты сот басталды
Астанада осымен екінші рет Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот басталды. Саят Шаяхметовтің ісі 2 жыл бұрын қайта тергеуге жіберілген болатын. Енді араға уақыт салып сот қайта жалғасып отыр. Шаяхметов процеске бұрынғыдай үйінен емес, изолятордан қатынап жүр. Өйткені қамауға алынған.
Автор: Ербол Сейілхан
15.03.2017
Бұрынғы Білім вице-министрі 1 жарым миллиард теңге жымқырды деп айыпталуда. Тергеу материалдарына қарағанда, 2011 жылы министрлік Өскеменде кадрларды қайта даярлау орталығы мен Оңтүстік Қазақстанда студенттік жатақхананың құрылысына қыруар қаржы бөлген. Алайда, құрылыс жарты жолда тоқтап, бюджеттің миллиондары Шаяхметов пен пен оның сыбайластарының қалтасына түскен деген күдік бар. Лауазымды шенеунікпен шатылып жатқандарың бірі Білім министрлігіне қарасты салынып жатқан нысандар дирекциясының директоры Александр Пак. Ал құрылысқа жауапты болған екі кәсіпкер әлі қашып жүр. Бизнесмендерге іздеу жарияланғанымен қолға түсер емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!