Астанадағы Сирия келіссөздері тығырыққа тірелді
Өйткені, қарулы оппозиция Елордаға ақыры келген жоқ. Сондықтан тараптар нақты ештеңеге келісе алмай тарқасты.
Автор: Досжан Маратұлы
15.03.2017
Десек те, оппозиция серкелері бүгін түнде жетеді деген ақпарат бар. Егер олар уәдесінде тұрса, келіссөздер ертең де жалғасуы мүмкін. Оның үстіне қарулы топтар Асад әскерінің оқ атуды тоқтатпай отырғанын айтып отыр. Тіпті бірнеше сағат бұрын Дамаскіде тағы жойқын жарылыс болды. Атыс-шабыс та өрши түскен. Сириядағы соғысты тоқтатуға күш салып жатқан Түркия, Иран мен Ресей болса,оппозицияны келіссөз үстеліне отырғызбай мәселенің шешілмейтінін түсініп отыр. Бірақ жауласқан тараптардың өз шындығы бар. Кепілдік еткен мемлекеттер ДАИШ пен «Жабхат ән-Нусра» сияқты террористік ұйымдардың жасырынған жерлерін картаға түсіріп, соққы жасамақ. Ал бейбіт келіссөздердің келесі раунды мамыр айының басына жоспарланғанын айта кетейік.
Александр Лавреньтев, Ресей президентінің Сирия мәселелері жөніндегі арнайы өкілі:
-Астанаға Сирия оппозициясының келмегені өкінішті. Бұндай келіссөз алаңын қалайда пайдалануы керек еді. Өйткені, атысты тоқтатуға олар да жауапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!