Депутат еліміздегі бензин тапшылығына Үкіметті айыптады
Мәжілісмен Ерлан Барлыбаевтың айтуынша, шенеуніктер нарықтағы жағдайды қолдан ушықтырып отыр.
Автор: Жәудір Оразхан
15.03.2017
Себебі Атырау, Шымкент, Павлодардағы үш ірі мұнай зауытынан бөлек аймақтарда тағы 32 шағын кәсіпорын бар екен. Энергетика министрлігі сол кіші зауыттарға тек өңдеумен айналысуға рұқсат етіп, мұнай өнімдерін сатуға тыйым салыпты. Ал олар жылына 6 миллион тонна жанармай шығаруға қауқарлы. Бірақ тыйымның салдарынан кәсіпкерлердің қолы байлаулы. Соның кесірінен ішкі нарықта жанармай тапшы, баға да күн сайын құбылып тұр. Жоқшылық пен қымбатшылықтан құтылу үшін сол 32 шағын зауытқа бензин мен дизель отынынан басқа да мұнай өнімдерін саудалауға рұқсат беру керек дейді депутат.
Ерлан Барлыбаев, Мәжіліс депутаты:
-Тапшылық туралы сөз болса, Энергетика министрлігі үш зауыттың жөндеуде тұрғанын айтады. Оны күтпей шағын кәсіпорындарға да мүмкіндік берейік. Президент 2014 жылы ішкі нарықты толық отандық жанармаймен қамтамасыз етуді тапсырған. Ал біз әлі 30 пайыз импортқа тәуелдіміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!