{metadescription}
Ақтөбеде полицейлер атып өлтірген жігітке қатысты жаңа дерек шықты
Ақтөбеде полицейлер атып өлтірген жігітке қатысты жаңа дерек шықты

Ақтөбеде полицейлер атып өлтірген жігітке қатысты жаңа дерек шықты

Ақтөбеде тіс емханасының қызметкерін бес сағат бойы кепілде ұстаған жігітті тәртіп сақшылары атып өлтірді. Абылай Тілеуов есімді азамат райынан қайтармақ болғандардың ешбіріне көнбей қойған. Полицияның мәліметінше, 24 жастағы жігіт бір апта бұрын ажырасқан келіншегінен кек алмақ болған екен. Сөйтіп, алдымен жарын қайын жұртына іздеп барып, таба алмаған соң енесін пышақтап тастапты. Артынша әйелінің жұмыс орнына келіп, сондағыларды да суық қарумен қорқытқан.

Ақтөбедегі «Батыс-2» ықшамауданының аумағын тәртіп сақшылары түнімен торуылдаумен болды. Пышақ ұстаған 24 жастағы жігіт осындағы тіс емханасына баса-көктеп кіріп, қызметкерлерін кепілге алмақшы болған екен. Тек стоматологтар қашып құтылғанымен, әкімшісі шыға алмай қалыпты.

-Қаша алмай алмай қалып қойды. Қиын болды-ау. Жаны қалса болар еді.

Кетіп қалған келіншегіне кектенген Абылай Төлеуов есімді жігіт екен. Өзі жұмыссыз. Ол алдымен бір апта бұрын ажырасқан жарының төркініне барыпты. Қайын жұртындағылармен төбелесіп, тіпті енесін пышақтап тастаған. Кейін келіншегін жұмыс орнына іздеп барады.Ашулы жігіт сөйтіп әкімші қызды кепілге алып, бес сағат бойы пышақпен қорқытып ұстап отырған. Ең бірінші оны сол маңдағы киім сататын дүкен қожайыны сабырға шақырмақ болыпты. Кейін тәртіп сақшыларымен қоса күдіктінің туыстары да Абылайды райынан қайтаруға тырысқан.  

Арыстанғани Заппаров, Ақтөбе облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары:

-Өміріне нақты қауіп төнген азаматты босату туралы келіссөздер жүргізілді. Алайда, қылмыскер заң талаптарын орындаудан бас тартты. Оқиға орнына жеткізілген туыстарының да  өтініштеріне құлақ аспады. Қылмыскер бар мақсаты бұрынғы әйелін өлтіру екенін, оны алдын ала жоспарлағанын айтты.

Айтқанға көнбеген жігітті тәртіп сақшылары ақыры атып өлтірді. Ал кепілде болған емхана қызметкері қатты шошынып қалғаны болмаса, дін аман. Сондай-ақ, күдіктінің жарақат алған енесі қазір үйінде ем алып жатыр. Кетіп қалған келіншегінен кек аламын деп қаза тапқан жігіт былтыр ғана істі болған екен. Яғни, ұрлық үшін сотталып шыққан.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде