Алғабастың тұрғындары екі аптадан соң жаңа үйге көшеді
Алматыда атышулы Алғабас ықшамауданындағы қисайған үйдің тұрғындары 1-ші сәуірде жаңа үйге көшеді. Қалалық әкімдік дәл сол күні далада қалған 72 отбасыға пәтер кілттерін табыстамақшы.
Автор: Диас Нұрақын
16.03.2017
Алғабастағы тоғыз қабатты жаңа үй былтыр жазда қисайған болатын. Сол кезде баспанасынан шығарылған жұртқа әкімдік жаңа үйге 16 желтоқсанда көшесіңдер деп уәде берген. Алайда Тәуелсіздік мейрамы кезінде бұл мерзімнің биылғы 1-ші наурызға шегеріліп, енді бүгін 1-ші сәуір деп отыр. Ал жаңадан салынған 9 қабатты үйдің құрылысы толық аяқталып, инженерлік желілері тартылған. Қазір тек құжаттарын рәсімдеп, газ құбырын тарту қалды дейді атқамінерлер. Бұл үйді салуға бюджеттен бір тиын да бөлінбепті. Барлық шығынды сапасыз үй салған «Астана құрылыс» компаниясы өз мойнына алған. Тіпті мердігер өз қаржысына қабырғасы қисайған үйдің де іргетасын нығайтыпты. Енді оны арнайы комиссия тексереді. Егер апатты деп танылған 9 қабатты нысан талапқа сай болса, пәтер кезегінде тұрған тағы 72 отбасы баспаналы болмақ.
Мұхаммедғәріп Құрманғалиев, Алматы қалалық Құрылыс басқармасының басшысы:
-Үйдің сапасына байланысты. Жарай ма, жарамай ма, ары қарай тұруға бола ма жоқ па ол арнайы комиссияның шешіміне қарай болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!