{metadescription}
Таразда жұрт жөндеуге ақша төлеуден бас тартты
Таразда жұрт жөндеуге ақша төлеуден бас тартты

Таразда жұрт жөндеуге ақша төлеуден бас тартты

Таразда тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы аясында баспаналары жөнделген тұрғындар дау шығарып жатыр. Айтуларынша, бес қабатты жатахананың тек жылу құбырын ауыстырған мердігер жұртқа күрделі жөндеу жұмысының ақысын төлетіп келген. Фирмаға алдандық деген халық енді құрылыстың ақшасын төлеуден мүлдем бас тартуда.

Мына қос жатақхана 6 жыл бұрын жөндеуден өтіп, жылу құбыры мен кәріз жүйесі жаңаланған. Сөйтіп, әр пәтер 5 жыл бойы ай сайын 2 жарым мың теңгеден төлеу міндеттелген еді. Бірақ жүргізілген құрылыс жұмыстарына көбінің көңілі толмай ақысын төлеуден бас тартыпты.

Төлеген Қозыбағаров, Тараз қаласының тұрғыны:

-Бұл жерде  50 метр құбыр ауыстырылды, болды. Үй соғылғалы бері өз шатыры өзінде тұр. Жертөледе 4 адам жарты ай істеді, бітірмей кетіп қалды. 

Мердігерлер болса, берешегі бар бұқараны шығынын өндіру үшін сотқа берген. Бірақ түсірілген шағымда жатаханаға ағымдағы емес «күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді» деп жазылыпты. Енді жұрт алданып қалғанын айтуда. Яғни олар компания бөлінген қаржыға құбырды ғана ауыстырып, қалғанын қалтаға басқан деп күдіктенеді. 

Нұрәлі Қошқаров, Тараз қаласының тұрғыны:

-Үкіметтің берген ақшасын қайтармаймыз деген әңгіме жоқ. Ақшасын төлейміз. Осы уақытқа дейін төлеп келдік, енді төлемейміз. Жұмыс істелмей ақша төленбейді.

Бірақ «Тұрғын үй жөндеу» мекемесінің басшысы әу баста құрылыс жұмысының талапқа сай істелгенін айтуда. Ал, бұл жолғы дау түсініспеушіліктен туындаған. Яғни сотқа арыз түсірерде құжаттан қателік кетуі мүмкін екен.

Алмат Радикұлы, «Тұрғын үй жөндеу-Тараз» ЖШС директоры:

- Бір құжатты екінші папкаға сақтаған кезде қате кетіп қалуы мүмкін деп отырмын. Ол жағын біз енді анықтаймыз.

Серіктестік директоры қағаздағы қатені түзеп, қайта сотқа шағым түсірмек. Бірақ осыған бола жұрттың берешекті бермеймін деуі ақылға қонымсыз дейді. Айтуынша, екі жатақхананың ағымдағы жөндеуіне 23 млн. теңге жұмсалған. Ел оның 9 млн. теңгесін әлі күнге қайтармаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде