Алматыда бала саудасының жолы кесілді
Жас келіншек жаңа туған нәрестесін біреуге 2 мың долларға сатып жатқан жерінен қолға түсті.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.03.2017
Бұл тасжүрек ананың келісілген ақшаның қалған бөлігін алып жатқан сәті. Жарты соманы босанғанға дейін қалтаға басып үлгерген. Бала саудагері арам ойын Сейфуллин көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінде жүзеге асырмақ болыпты. Ал, 22 жастағы келіншек Қызылорда облысының тумасы екен. Күйеуі және 2-3 жасар екі перзенті бола тұра жезөкшелікпен айналысқан. Үшінші перзентінен сатып құтылмақ болғанға ұқсайды. Енді безбүйрек келіншек ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Ал 4 келі салмақпен аман-есен дүниеге келген сәби әзрге балалар үйіне өткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!