{metadescription}
 Ақышев теңгенің құнсыздануын уақытша құбылыс деп атады
 Ақышев теңгенің құнсыздануын уақытша құбылыс деп атады

Ақышев теңгенің құнсыздануын уақытша құбылыс деп атады

Елімізде инфляция қарқыны да айтарлықтай баяулапты. Оптимизмге толы есеп-қисапты бүгін Ұлттық банк басшысы жариялады. Екі айға қорытынды жасаған Данияр Ақышев, теңге бағамы тұрақты деп те мақтанды. Десе де, соңғы күндері ұлттық валютамыздың тағы құнсызданып жатқаны мәлім. Ақышев мұны уақытша жағдай деп отыр.

Қаржы нарығындағы қазіргі жағдай Ұлттық банктің болжамына толықтай сәйкес келеді деп бастады бүгінгі әңгімесін төраға. Әсіресе, инфляцияның тиісті деңгейде сақталғаны бас банкирді қуантып отыр. Өткен қаңтар мен ақпанда оның қарқыны біраз баяулаған екен.

Данияр Ақышев,Ұлттық банк төрағасы:

-Ақпанда айлық инфляция 1 пайызды құрады. Бұл жылдық көрсеткіш бойынша 7,8 пайызды құрайды. Осылайша, жылдық инфляция 6-8 пайыздық аралығында тұр. Және оқыс жағдай болмаса, ол жыл бойы сол деңгейде сақталады.

Бірақ соған қарамастан елімізде азық-түлік бағасы қымбаттап барады. Мәселен, өткен айда картоп құны 7,6 пайызға, пияз 5, ал сиыр етінің бағасы 3,8 пайызға өскен. Қымбатшылық жанармай, дәрі-дәрмек, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді де айналып өтпеді. Десе де, бас банкирдің көңілі тоқ. Ол ұлттық валюта бағамының тұрақты екенін айтып отыр. Жыл басынан бері теңге 6 пайызға нығайыпты. Бірақ бірер күн бұрын төл ақшамыздың қайта құлдырай бастағаны белгілі. Ақышев мұны уақытша құбылыс деп сендірді. Есесіне, теңгеге сұраныс артты дейді бас банкир. Депозиттер теңгемен сақталып, ұлттық валютада берілетін несиелер саны артқан. Банктердің біріуі де бүгін басты тақырыптардың бірі болды. Бұл - қаржы жүйесіндегі жағдайды жақсарта түседі дейді Ұлттық банктегілер.

Ғалымжан Пірматов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

-Әрбір банктің бір-бірімен қосылуы алдын-ала Ұлттық банкпен келісіледі.Депозит салушылардың, несие алушылардың жағдайын нашарлататын жағдайға жол бермейміз.

Сондай-ақ, еліміздің халықаралық резервтері Ұлттық банктің активтерімен қосқанда 93 миллиард долларға жеткен. Алтын-валюта қорындағы қаржы да 30 миллиард долларды құрап отыр. Данияр Ақышев бас банктің әрі қарай да теңгені еркін айналымда ұстайтынын айтты. Ал оның бағамы - әлемдік нарықтағы жағдайға да тікелей байланысты дейді бас банкир. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде