{metadescription}
Елімізде электр энергиясы арзандауы мүмкін
Елімізде электр энергиясы арзандауы мүмкін

Елімізде электр энергиясы арзандауы мүмкін

Тариф қуат көзін тарататын компаниялар біріккенде ғана төмендемек. Тиісті заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр.

Бүгінде Қазақстанда электр энергиясын тарататын 160 кәсіпорын бар. Оның тең жартысы жекеменшік. Енді Энергетика министрлігі соларды біріктіріп ірі компанияға айналдыруды көздеп отыр. Сөйтіп саннан сапаға көшіп, жарық беруді жүйелі жолға қоймақ ойы бар. Шенеуніктердің сендіруінше, ұсақ фирмалар біріктірілгенімен жұмысшылары арасында жаппай қысқарту болмайды. Сонымен қатар атқамінерлер қараусыз жатқан электр желілерін жеке қолға өткізбекші. Министрлік осындай ауқымды реформалар қуат көзін тасымалдаудың бағасына оң әсер ететініне сенімді.

Сұнгат Есімханов, Энергетика министрлігінің комитет төрағасы:  

-Бұдан тұрғындар да ұтады. Өйткені бұл тарифтің арзандауына әкелуі тиіс.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.