{metadescription}
Бұрын-соңды болмаған «рэп-батл»
Бұрын-соңды болмаған «рэп-батл»

Бұрын-соңды болмаған «рэп-батл»

Алматыда аты жер жарған рэперлер өзара мықтыны анықтау үшін үлкен сайыс ұйымдастырмақшы. Оған әлемнің әйгілі диджейлері мен, тіпті, Тимати келеді деп күтілуде.       

«MUSIQ SUMMIT»  атты хип-хоп ән айтатындардың байқауына – Скруджи, Big Som секілді атақты рэперлер қатысады. Сондай-ақ, DJ Zigg, DJ Slim және Kendal кештің көркін қыздырмақ. Ал сайыстың басты хэдлайнерлері - НEADHUNTERZ пен L-One. Елімізде тұңғыш мәрте өткелі жатқан рэп-батлда қазақ тіліндегі хип-хоп әндер де орындалады. Кілең атақты жұлдыздармен жекпе-жекке шығуға Жан Ахмадиев бел буып отыр. Атышулы рэпер «Қазақпыз ғой» әнін әлі ешкім естімеген стильде орындайды. Ал фестивальдің өзі 21-ші наурызда «Алматы-арена» мұз айдыны кешенінде өтеді. 

Жан Ахмадиев, әнші:

-Қазақтың намысын қорғап  тырысамыз. Өзіміздің жерімізде өтіп жатыр, басқа елде емес. Тиматилардың алдында ұятқа қалмас үшін келіңіздер, міндетті түрде күтем сіздерді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде