Қызылжарлық студенттер ұлттық киімді дәріптей бастады
Сабаққа ұлттық киіммен! Қызылжарлық студенттер ел жастары арасында осындай үндеу тастады. Бұған атсалысқан тоғыз шаһардағы жоғары оқу орындарының шәкірттері бүгін лекцияларда түрлі ұлттық киімдерін киіп жүр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
17.03.2017
Петропавлдағы студенттер жылдағы наурыз мерекесін осылайша ерекше атап өтуді ұйғарыпты. Ондағы мақсат – тек қазақ халқының ғана емес, өзге де ұлттардың киімдерін насихаттау. Сондықтан болар, кітапханада армян, украин, орыс халқының да киімдерін киген қыздар жүр. Бұл идеяны жастармен қоса, оқытушылар да қолдаған. Олардың бүгін камзол мен шапан киіп тұрып өткізген лекцияларын ешкім әбес көрген жоқ. Қызылжар студенттерінің бұл идеясына Астана, Көкшетау, Павлодар және Алматы жастары да қосылыпты. Сөйтіп, олар ғаламторға фотоларын салып жатыр.
Мұхтар Бақтыбаев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:
-Мына костюмді бір құдалықта бас құда болғам, сонда сыйлаған. Үйде жататын.Ертең киіз үйге киеміз тағы да.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!