Астанада алаяққа алдандық деген тұрғындар әділдік іздеп шырылдап жүр
Бір топ көпбалалы келіншек пәтер аламыз деп риэлторға бар жиған-терген ақшасын ұстатып, соңында далада қалған.
Автор: Жәудір Оразхан
17.03.2017
Алданған әйелдер риэлторды іздеп жұмысына күнде барады. Бірақ ол, алдына келгендерді маңына жуытпай бүгін де қуып шықты. Жәбірленушілердің айтуынша, үш жыл бұрын 10 адам Жақиянованың қолына 15 миллионнан астам теңгелерін санап берген. Ал риэлтор келіншек тұрғындарға арзан баспана алып беремін деп сендірген көрінеді. Құжат жүзінде келісім де болған екен. Алайда соңында жұрт уәде етілген пәтерсіз далада қаңғып қалған. Полиция дерек бойынша қылмыстық іс қозғағанымен, риэлтор ақшамызды әлі күнге қайтарар емес деп ашынады тұрғындар.
Мәлика Кәдірбекова, Астана қаласының тұрғыны:
-Үй де жоқ ақша да жоқ .Алдап кетіп отыр. Өзіме келсем, 8 жарым мың доллар бердім. Бәріміздің ісімізді Ішкі Істер департаменті 2015 жылдың мамырынан бері әлі қарап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!