{metadescription}
Аттестация кезінде шенеуніктердің дипломды қолдан жасатқаны анықталды
Аттестация кезінде шенеуніктердің дипломды қолдан жасатқаны анықталды

Аттестация кезінде шенеуніктердің дипломды қолдан жасатқаны анықталды

"Б" корпусына кіретін мемлекеттік қызметкерлер де сынақтан сүрінді. Емтихан кезінде мыңнан астам шенеуніктің біразы лауазымына лайық емес деп танылған. Біліктілігін дәлелдей алмағандардың көбі қостанайлық шенділер.

Жоғары аттестациялық комиссия 1139 шенеуніктен сынақ алған екен. Олар президент әкімшілігі, Сенат, Мәжіліс аппараты қызметкерлері, министрлік, комитет, облыстық департамент пен басқарма басшылары. Бұлардың ішінен 973 атқамінер біліктілігін дәлелдеп шыққан. Оның 130-ының енді қызметі өседі. Ал сынан сүрінген 36 адамның қызметі төмендетілмек. Лауазымына сай емес деп танылғандардың көбі Инвестициялар және даму министрлігі мен Қостанай облыстық әкімдігінде істейді екен. Сонымен қатар аттестация кезінде жалған құжатпен жұмыс істеп келген екі шенеунік анықталды. Оның бірі Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, екіншісі Маңғыстаудағы басқарма жетекшісі. Енді олардың лауазымы төмендетіледі.

Айгүл Шаимова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының орынбасары

-Астаналық шенеуніктің мемлекеттік тесттен өткені туралы сертификаты жалған. Ал келесі қызметші  жоғарғы білім алғаны жайындағы екінші дипломын қолдан жасатқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде