{metadescription}
Алматыда заманауи жанрдың шеберлері – рэперлер сынға түсті
Алматыда заманауи жанрдың шеберлері – рэперлер сынға түсті

Алматыда заманауи жанрдың шеберлері – рэперлер сынға түсті

«Мюзик саммит» деп аталатын өнер фестиваліне алыс-жақын шетелдер мен өз еліміздің ең мықты өнерпаздары қатысты. Рэп-батл, брэйк-дэнстан бөлек, бұл кеште басқа да көше спорты түрлері қамтылған.

Мюзик саммит – тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шара. Мұнда тек ән айтылып қана қоймай, жастар жұрт алдында жарысып билейді. Әдетте көше спорты саналатын велосипед пен кермеге тартылу да осы саммиттегі негізгі жарыстардың қатарына кірген. Әсіресе, көрерменнің асыға күткені ел қызығатын рэперлер айтысы болды. Соны көру үшін сонау Астанадан келгендер де бар екен.

-Мен Астанадан осы концерт үшін арнайы келдім. Ресейлік L-one менің сүйікті рэперім. Соны көру үшін келдім десем де болады.

Мюзик саммит жай әншейін ұйымдастырылған шара емес. Оған білдей қала әкімдігі қолдау білдірген. Шенеуніктер қала жастарын есірткі мен бос жүрістен құтқарудың бір жолы осы деп тауыпты.

Санжар Қиқымов, Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы:

-Қала әкімдігі шараның жастар үшін маңызы зор екенін ескере отырып, оған қолдау білдірді. Жастар арасында есірткіге қарсы үндеу жасап, салауатты өмір салтын дәріптеуде осындай кештердің орны ерекше.

Ән мен биден зеріккендері былай шығып, велосипедпен ойқастап жүргендердің жарысын тамашалады. Кермеге асылып, небір кереметті көрсетіп жатқандар да назардан тыс қалған жоқ. Ұйымдастырушылар енді осындай қызықты шараны жыл сайын өткізуге ниеттеніп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.