Денсаулық сақтау министрі дәрігерлерге ағылшын тілін үйренуге кеңес берді
Ақ халаттылар ағылшын тілін білуі тиіс. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлерге жаппай шет тілін меңгеруге кеңес берді.
Автор: Сабина Мәдиқызы
24.03.2017
Бұған себеп – халықаралық ЭКСПО көрмесі. Оның аптап ыстықта, яғни жазда өтетінін ескерсек, дәрігерлердің көмегіне жүгінушілер көп болуы мүмкін. Әрі туристерге климат ауыстыру да оңай емес. Сондықтан ағылшын тілін білу алдымен жедел жәрдем қызметкерлеріне міндеттелмек. Өйткені алғашқы медициналық көмек көрсететін солар. Науқастармен тез тіл табысып, нақты диагноз қою үшін де басқа дәрігерлерге ағылшынша үйренуге тура келеді. Айта кетейік, ЭКСПО-ның басталуына небәрі екі жарым ай қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!