Геннадий Головкин – «бокс королі» атанды
Қазақстандық спортшыға мұндай атақты беделді америкалық ESPN.com сайты берді. Бұл рейтинг әлемдегі барлық салмақтағы боксшылар арасында жасалған. Сөйтіп, жүздеген спортшының ішінде Головкин үздік деп танылыпты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
24.03.2017
Орта салмақтағы әлем чемпионының бірінші орында тұруының жөні бар. Өйткені, Головкин бокстан 37 жекпе-жекке шығып үлгерген. Және соның бәрінде жеңісті бермей келеді. Әрі ол қолғап түйістірген 33 қарсыласын нокаутқа жіберген. Ал Головкиннің кезекті жекпе-жегі жуырда ғана өткен болатын. 19-ыншы наурызда жерлесіміз Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен күш сынасты. Сөйтіп, қазылардың шешімімен қазақстандық боксшы тағы да жеңіске жетті. Десе де, бұл жолы жекпе-жек тым ұзаққа созылды. Бұл Головкиннің кәсіпқой бокстағы 12-інші раундқа дейін созылған алғашқы жекпе-жегі болатын. Айта кетсек, «бокс королі» бірнеше ай бұрын Гиннестің рекордтар кітабына да енген. Ол мұндай құрметке орта салмақтағы ең үздік нокаутшы ретінде ие болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!