{metadescription}
Лондон лаңкестік құрбандарын еске алып жатыр
Лондон лаңкестік құрбандарын еске алып жатыр

Лондон лаңкестік құрбандарын еске алып жатыр

Лондон тұрғындары осыдан екі күн бұрын болған лаңкестік әрекеттің құрбандарын еске алды. Мыңдаған азамат Трафальгар алаңына жиналып, қапыда қаза тапқандардың рухына тағзым етті.

Естеріңізге салсақ, сәрсенбі күні бір қаскөй жол талғамайтын көлікпен парламент ғимараты маңындағы Вестминстер көпірінің үстінде жаяу жүргіншілерді қасақана таптап өлтірген болатын. Бұл лаңкестік әрекет с алдарынан төрт адам қаза тауып, тағы 40 шақтысы жараланды. Ал қылмыскердің өзін тәртіп сақшылары атып өлтірген. Кейін оның 52 жастағы Кент Халид Масуд есімді ағылшын азаматы екені анықталды. Ол бұрын да бірнеше мәрте істі болып, арнайы қызметтің бақылауында жүрген екен. Қазір осы лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 7 адам қамауға алынып қаскөйдің үйінде тінту жүргізілді. Бейбіт тұрғындарға жасалған бұл шабуылды «Ислам мемлекеті» атты лаңкестік топ өз мойнына алып отыр. Қазір Лондон полициясы қаладағы қауіпсіздік шараларын күшейткен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде