Маңғыстау облысында қираған дәретхана жұртты шошытты
Маңғыстау облысында қоғамдық дәретхана қирап, астында балалар қалып қоя жаздады. Кірпіштен тұрғызылған құрылыс оған әне-міне кіргелі тұрған адамдардың көзінше опырылып түскен.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
24.03.2017
Төтенше жағдай Таушық ауылына жақын жерде орын алды. Жол жиегіндегі дәретханаға көліктегі балалардың барғысы келіпті. Кішкентай ұл мен қыз опырылған нысанның екі кабинасына кірмек болған. Абырой болғанда, олар қайғылы жағдайдан аман қалды. Яғни балаларды қиранды астында қалудан санаулы секундтар ғана құтқарған. Көлік дәретхана қасына жақындай бергенде ол өз-өзінен қирай бастапты. Оқиға куәгерлері бұл жағдайға нөсер жауынның себеп болуы мүмкін екенін айтады. Ал құрылыс сапасына жауаптыларды енді жергілікті билік өкілдері анықтамақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!