{metadescription}
Шымкентте полицейлермен айқасып жүрген белсенді қамауға алынды
Шымкентте полицейлермен айқасып жүрген белсенді қамауға алынды

Шымкентте полицейлермен айқасып жүрген белсенді қамауға алынды

Автомобиль жүргізушілері қоғамының белсендісі Руслан Жанпейісов қамауға алынды. Полицейлердің тәртіп бұзған сәттерін видеоға түсіріп, жариялауымен танымал болған 36 жастағы азамат ақша бопсалады деген айппен ұсталған.

Көлік жүргізушілерінің құқығын қорғайтын ұйымның мүшесі Руслан Жанпейісов әуелде тек өзі туып-өскен оңтүстіктің погондыларының қытығына тисе, кейіннен жалпы ел көлеміндегі полицейлердің заңсыз әрекеттерін жариялап жүрген-ді. Алайда атақпен бірге жаулары да көбейген ол енді ақша табуға кіріскен сыңайлы. Яғни кезекті мәрте түсірген видеосын жарияламау үшін 50 мың теңге бопсалаған көрінеді. Оны осы әрекеті үшін қамауға алған күнгейлік полицейлер бұл жігіттің бұрын да дене жарақатын салғаны үшін сотталғанын айтқанымен, оңай ақшаны кімнен өндірмек болғаны туралы әзірге айтпай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде