«Қазақ елі» монументінің басында қалған жазбаны өшіру үшін әкімдік альпинистерді тартпақ
Белгісіз біреулердің 91 метрлік ескерткіштің ең биік жеріне есімдерін қашап жазып кеткені демалыс күндері белгілі болған еді.
Автор: Жәудір Оразхан
24.03.2017
Бұл сөздерді Наурыз мейрамын дронға түсіріп, ролик жасаған қоғам белсендісі байқап қалған. Әрине, мұнда олар анық көрінбейді. Десе де, көзі қырағы азамат «Қазақ еліне» белгісіз біреулердің Мұрат, Бердібек және Тараз деп жазып кеткенін байқаған. Бұны әкімдіктегілер де растап отыр. Бірақ шенеуніктер Елордадағы ең үлкен ескерткішті бүлдіргендерді іздеп, жазаламайды екен. Өйткені бұл вандалдардың емес, құрылысшылардың ісі. Оның үстіне алып сәулет өнерінің туындасына арнайы техника болмаса шығу мүмкін емес.
Нелли Шиврина, Астана қаласы Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы директорының міндетін атқарушы:
-Монументтің жоғары жағына жазба қалдыру мүмкін емес. Меніңше, ескерткішті орнатып жатқанда жұмысшылар өз есімдерін қашап жазған. Жақында альпинистер бояудың құрамын тексереді. Сөйтіп, өшірудің жолдарын іздейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!