Астанада мақтаулы компания салып жатқан кешенде оқыс оқиға болды
Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында төтенше жағдай! Есілдің сол жағалауында бой көтерген элиталық «Камал» кешеніндегі көлік тұрағының төбесі опырылып түсті.
Автор: Жәудір Оразхан
24.03.2017
Сөйтіп, әлі құрылысы аяқталмаған көпқабатты баспананың маңы бір сәтте астаң-кестең болған. Құрылысшылар қазір қирандыларды жинап, аумақты тазалап үлгеріпті. Жоба жетекшісінің айтуынша, қар еріп, жер бірден жұмсарғандықтан паркингтің төбесіне шатыр ретінде жабылған цемент тақталарды бағаналар көтере алмай, құлапты. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ. Апат болған мақтаулы тұрғын үй кешенін BI Group салып жатыр. Естеріңізге салсақ, дәл осы компанияға тиесілі ЭКСПО аумағындағы декоративті көпір де былтыр қараша айында қирап қалған еді. Ал «Камал» кешеніндегі апаттың себеп-салдарын қазір тексеріліп жатыр.
Қайрат Қуанышбаев, жоба жетекшісі:
- Апат салдарын нақты анықтаймыз. Қазір тұрғын үйдің аумағындағы жұмыс уақытша тоқтатылды. Құрылыс материалдарын зертханаға жібердік. Шамамен 3-4 миллион теңге шығын келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!