Астана тұрғыны Денсаулық сақтау министрінің көзінше шу шығарды
Осы жиын өткен емхананың пациенті тура Денсаулық сақтау министрінің көзінше шу шығарды. 70 жастағы зейнеткерді дәрігерлер қабылдамай әбден сандалтқан екен. Ашынған кейуана емхананы аралап жүрген Елжан Біртановқа шағымданып, астаналық ақ халаттылардың бар былығын жайып салды.
Автор: Жәудір Оразхан
24.03.2017
Өмірзақ Тайжанова, Астана қаласының тұрғыны:
- Медбике дұрыс жұмыс істемейді.Хирургқа кіру үшін министрліке қоңырау шалдым.Сосын олар мені хирургке жазды. Бұл не масқара? Оңбағандар!
Яғни Өмірзақ әжей қалалық Денсаулық сақтау басқармасына шағымданып жүріп, хирургтың қабылдауына әрең жазылыпты.Жүріп-тұруы қиын зейнеткер тегін берілетін дәрісін де ала алмай жүр екен. Министрдің көзінше бар кемшілікті жайып салған әжейді емханадағы ақ халаттылар кабинетке дереу ертіп әкетіп, ашуын әрең басты. Ал тексеруге келген министрдің алдында тек жетістіктерін тізіп жүрген емхананың бас дәрігері сөзден тосылып қалғанымен, қобалжуын білдірмеуге тырысты.
Алтыншаш Табылдина, №5 емхананың бас дәрігері:
- Науқастың айтып тұрғаны рас. Хирургқа учаскелік дәрігер кезекке қояды. Бұл көп адамның көңілінен шықпайды. Қазір емханада телефонға 4 оператор жауап беріп отыр. Егер олар жауап бермесе, күту керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!